Өтінім қалдыру

Жан басына қаржыландыру бойынша жеке семинар өткізуге өтініш

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКТЕПТЕРДІ ЖАН БАСЫНА НОРМАТИВТІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

ата-аналар үшін
background

"Білім беру мекемелері арасындағы бәсекелестікті арттыру және жеке капиталды тарту үшін қала мектептерінде жан басына қаржыландыру енгізіледі"

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 12 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауы

"Білім берумен байланысты тағы бір проблема - бұл өңірлердегі қолданыстағы басқару жүйесінің біркелкі қаржыландырылмауы және тиімсіздігі... Білім берудің әрбір деңгейі үшін қаржыландырудың ерекше тәртібін енгізу қажет."

 

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы

 

"2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қалалық толық жинақталған мектептердің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға толық көшуі жүзеге асырылды"

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы"

Жан басына қаржыландыру дегеніміз не?

Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру

Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру - бұл мектептегі оқушылардың санына байланысты жүргізілетін қаржыландыру әдісі.

Жан басына шаққандағы қаржыландыруға қалалық Мемлекеттік толық жинақты мектептер көшеді

Республикалық бюджеттің шығыстары (мың теңге)
2020 ж. 2021 ж. 2022 ж. 2023 ж.
 28 811 552  70 286 318  73 108 269  70 237 074

ЖАН БАСЫНА ШАҚҚАНДАҒЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КЕЗІНДЕ МЫНАДАЙ РӘСІМДЕР САҚТАЛАДЫ:

- Бюджеттік өтінімді жасау

- "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 ҚР ПҚ сәйкес еңбекақы төлеу

- "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 ҚР ПҚ сәйкес штат кестесі

- "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына сәйкес қаражатты игеру

- Мемлекеттік сатып алу саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

ЖАН БАСЫНА ШАҚҚАНДАҒЫ НОРМАТИВКЕ КІРМЕЙДІ:

- жаңартылған мазмұн үшін қосымша ақы;

- біліктілік санаты үшін қосымша ақы;

- тәлімгерлік үшін қосымша ақы;

- магистр дәрежесі үшін қосымша ақы;

- ағылшын тілінде оқытқаны үшін қосымша ақы;

- жыл сайын жалақының 25% - ға өсуі%;

- гимназия және лицей компоненттері;

- жалпы оқыту қоры;

- тамақтану;

- оқушыларды тасымалдау;

- іссапар шығыстары;

- дәрігерлік тексеріс;

- коммуналдық қызметтер және интернет қызметтері;

- мектеп алды, кешкі сыныптар, ауруханаларда оқыту.

2023 жылға жан басына қаржыландыруға көшкен мектептердің интерактивті картасы

Норматив құрылымы

Қосымша ақпарат

Нормативтік база

1) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы - http://law.gov.kz/client/#!/doc/34652/kaz 

2) "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді, сондай - ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығы - http://law.gov.kz/client/#!/doc/117580/kaz

3) "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді, сондай - ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығы - http://law.gov.kz/client/#!/doc/117714/kaz

4) "Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 503 бұйрығы - http://law.gov.kz/client/#!/doc/124980/kaz

5) "Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған Орта білім беру ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанына қайта ұйымдастыру үшін өлшемшарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 502 бұйрығы - http://law.gov.kz/client/#!/doc/124981/kaz

 

Өзекті 10 сұрақ

1

Нақты контингент ай сайын өзгерген жағдайда жан басына шаққандағы қаржыландыру да солай өзгере ме?

Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес ЖНҚ-ның жоспарланған көлемі алдағы жылға арналған болжамды контингент негізінде айқындалады. Ағымдағы жылы ЖНҚ көлемін нақтылау ағымдағы оқу жылының 1 қыркүйегіндегі нақты контингент ескеріле отырып, орташа жылдық контингенттің негізінде жүргізіледі. Орташа жылдық контингентті есептеу кезінде оқушылардың қозғалысы (келуі – кетуі), 1, 10-сыныптарға жаңа қабылдау және 11-сыныптан түлектердің бітіріп шығуы ескеріледі. Осылайша, бір жылдың ішінде ай сайын оқушылар қозғалысы болса да, мектеп жалпы оқу жылында қанша оқушыны оқытса, сонша оқушыға ақша алады. Яғни, мемлекеттік мектеп жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес қаражат алатындықтан, контингенттің ай сайынғы қозғалысы ай сайынғы жоспарға әсер етпейді.

+

8

Жыл соңында үнемделген қаражатты қызметкерлерге сыйақы беруге жұмсауға бола ма?

Бюджет қаражатын жұмсау кезінде, ең алдымен, шығыстардың белгілі бір түрінің тиімділігін анықтау қажет. Мектеп қызметі барысында қалыптасқан үнемдеуді талдау (мысалы, мемлекеттік сатып алу нәтижелерінен, еңбекке жарамсыздық парақтарының болуы) тұрақты түрде жүргізілуі тиіс. Бұл қаражатты жыл соңына дейін жинақтамай, оны одан әрі пайдалану туралы уақтылы шешім қабылдау үшін қажет. Қалыптасқан үнемді, ең алдымен, оқушылар үшін оқу жағдайларын және мектеп қызметкерлері үшін жұмыс жағдайларын жасау, сондай-ақ барлық санитарлық, құрылыс нормаларын, жарақтандыру нормаларын сақтау мақсатында мектептің қажеттіліктеріне жұмсаған жөн. Сондықтан, мектепте өткір проблемалар бола тұра, үнемделген қаражатты сыйлықақы беруге жұмсаған орынды болмас.

+

9

"Мемлекеттік мекемеден" "Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынға" қандай мектептерге ауысуға болады?

Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанына қайта ұйымдастыру үшін өлшемшарттарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 502 бұйрығына сәйкес Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдары бір уақытта мынадай өлшемшарттарға сәйкес келген жағдайда шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын ұйымдық-құқықтық нысанында қайта ұйымдастырылуы мүмкін: 1) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыратын білім беру ұйымдары; 2) нормативтік жан басына қаржыландырылуы; 3) оқушылар контингентінің жобалық қуатынан асуы; 4) соңғы үш жылда оқушылар контингенті өсуі динамикасының болуы.

+

Кураторлар

нормативті есептеуге қатысты сұрақтар бойынша:

нормативті есептеуге қатысты сұрақтар бойынша:

8-7172-695-035

Қадесова Айнұр Амангельдықызы

қалған барлық сұрақтар бойынша бойынша:

қалған барлық сұрақтар бойынша бойынша:

8-7172-695-876

Альбиева Балжан Шайнгориевна